«Менің далам тәкаппар да, өр мүлдем –
Жоқ болса да көкті сүйген оқ шыңдар.
Бәрің оның жеңілгенін – көрдіңдер.
Күл болғанын! – бірің көрген жоқсыңдар!!!»
* * *
Өмір өтті тарихтың арнасында,
Өр тасқынға шомылып мал, басың да.
Адам деген қоғамдық жануарың,
Тыр-жалаңаш болатын алғашында.
Топас тұлға, сезімсіз кескіні – өлі,
Керемет бір кез келіп, тез түледі:
«Ұятыңды жап!» – деген ұлы дауыс –
Жануардың ең алғаш естігені!
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК