Жетім жүрегім жасқаншақ

Жетім жүрегім жасқаншақ,
Айтқанмен көп жұрт сері деп.
Қырықтан жасым асқанша
Ел іздеп келем, еңіреп!
Арқасын сипадым қонжықтың
Алдымнан аю қашып ед.
Езін де сүйдім сол жұрттың –
Ер елдің шаранасы деп!
Өмірден боздап өтермін,
Көзіме жасым толды ма.
Ақымағын басқа көтердім –
Алашқа тұлға болды ма?!
Күмбезім құлап аспандай,
Болдық па қара басқандай:
Құм жиылып – тас болмай,
Құл жиылып – бас болмай?!
Жетім жүрегім жасқаншақ,
Айтқанмен көп жұрт сері деп.
Қырықтан жасым асқанша,
Ел іздеп келем еңіреп…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *