ЖАЙ ҮЙІ-Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөрлідегі Әуез әулеті қыстауында орналасқан мәдени мекеме (Қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд). Мұражай жазушының туғанына 90 жыл толар қарсаңында (1987. қыркүйек) ашылған. ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүз. ауқымда аталып өткен ұлы жазушының туғанына 100 жыл толу салтанаты алдында (1997. қыркүйек) мұражай қайта жабдықталды. Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұрады: 1) Әуезбөлмесі; 2) Мұхтардың балалық және жастық шағы; 3) Анасының бөлмесі; 4) «Абай жолы» романы; 5) Мұхтар отбасы; 6) Мұхтар шет елдерде; 7) Мұхтардың туған елге соңғы келуі; 8) Сыйлықтар залы. Барлығы 1000-ғажуықэкспонатқойылған. Оның 610-ы негізгі қорда. Мұнда жазушының өмірі мен өскенортасын жан-жақты көрсететін мұрағаттармен танысып,ұлы суреткер мұрасы мен өміріне қатысты оқиғалар туралы түсірілген деректі фильмдерді көруге болады. Мұражай төңірегінде Омархан мен Нұржамалдың, Ақылбайдың, Әйгерім мен Ділдәнің кесенелері бар.