Өзіме өзім өлмес ескерткіш құйыппын,
Қаптаған халық кетпейді әлі басынан.
Тәкаппар ұлға қарайды басын иіп Күн,
Асқақ ол анау Александр бағанасынан.
Жоқ, өлмен мәңгі, көзімнің алды – ақ жарық,
Шіріген дүние тәнімнен үркіп өтеді,
Атағым менің аспанның астын қақ жарып,
Құрлыққа көшіп – құрлықты дүркіретеді.
Аңызға бөгіп мен жайлы Русь – ел іші,
Шақырар мені ардағы менен саңлағы,
Финнің қаймағы, славянның небір серігі,
Тұңғысы қырдың, қалмағы.
Керуен көшті бастайтын бүгін келді сәт,
Лирамның шегі – қайғының легі неліктен?
Қатал ғасырдың қабағын бақпай ел құсап,
Азаттық! Сені жырладым азап шегіп мен!
Талақ қыл бәрін… Тәңірің – көкте,
Ал, асық!
Тәлкекке түспе тәж бенен таққа таласып,
Мадаққа мәз боп, мазаққа көніп, санасып,
Қайтесің, Музам, тантық тобырмен таласып?!
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК