БӘРСИСА

»БӘРСИСА» -дастан. Шәді Жәдігерұлының (1855 -1933) нәзира дәстүріменжазылған, сопылық сарындағы шығармасы. Дастанның қолжазба түріндегі толық нұсқасы Ташкенттегі Шығыстану ин-тының қорында сақтаулы. Дастанның ықшамдалған, көлемі шағын нқсқасы 1910 ж. «Қисса Бәрсиса» деген атпен Қазандағы Б.Л. Домбровский баспасынан жарық көрген. Дастан сюжетін қазақтың Шәдіден басқа да «кітаби ақындары» жырлаған. Дастанда әрбір адамның қоғамда алатын орны, қадір-қасиеті, қызмет дәрежесі оның ішкі жан-дүниесініңтазалығы, рухани байлығы арқылы айқындалуы тиіс деген қорытынды пікір айтылады. Адамның ұзақ өмірінде оған ақ пен қараны, оң мен солды, ізгілік пен зұлымдықты танытатын, әрбір пенденің құдай алдындағы парыздарын ұмыттырмай отыратын құдіретті күш -имандылық екенін Шәді ақын өз оқырманына дидактикалық сарында айтып жеткізген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *