БӘДІҒҰЛ Нүкеш

БӘДІҒҰЛ Нүкеш (15.12.1936. ҚХР. Дөрбілжін ауд. Ақсу а -11.11.1999. Алматы) -ақын. Шыңжаң халықин-тын (1958). ҚазҰПУ-ды (1966) бітірген. 1962 ж. Қазақстанға қоныс аударған. 1962 -63 ж. Мақаншы ауд. «Қызыл партизан» ұжымшарыңда, Үржардағы колхозаралық құрылыс мекемесінде жұмыс істеген. 1966 -83 ж. Алматы обл. «Жетісу» газетінде тілші. 1983 ж. Қазақстан Жазушылар одағында Көркем әдебиетгі насихаггау дирекциясында тілші,хатшының орынбасары, аға кеңесші больш қызмет атқарған. Тұңғыш өлеңдер кітабы 1956 ж. жарық көрді. «Жас керуен» (1972),»Бәйтерек» (1974),»Нұрлы жұлдыздар» (1976),»Күлімде, шуақ» (1979),»Жарық сәуле» (1982), «Сырлы ағыс» (1984), «Өмір сазы» (1986),»Аппақ дүние» (1989 ),»Енші»( 1992) өлеңдерменпоэмалар жинақтары басылып шыкқан. «Енші» өлеңдер кітабы үшін халықар. «Алаш» сыйл. берілді(1995).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *