Бұлтын да жанталасып құшып көктің,
Шөлдедім неге осы мен, ұшып-кептім.
Дүние –
Мұхит екен арыстан жал,
Түбіне көзді жұмып түсіп кеттім.
Ол сонда қойнына ала беріп,
Тіксінді мені сәби бала көріп.
Құмарым қанбай кәусар, тұнығына
Тұншығып тереңінде барам өліп.
Жүзіне ғашық болып қарадым да,
Мен осы Мәжнүн боп барамын ба.
Ауаның жұттым, айхой, мөлдірін де,
Жүзімнің іштім не бір шарабын да.
Тартады құшағына ол да күліп,
Көкірек – толған арман, толған – үміт.
Дүние –
Мұхит екен арыстан жал,
Қанбады қайран шөлім сонда жүріп.
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК