БЕТАШАР

БЕТАШАР -келін түсіру тойындаайтылатын тұрмыс-салт жырларыныңбір түрі. Той ортасынан ауған кезде орындалатын болған. Б. өлеңін жыршылар күні бұрын жаттап алған, ал ақындар той үстінде қолма-қол толғап, келіннің бетін жанынан шығарған өлеңмен ашқан. Дәстүр бойынша шымылдық ішінде басына желек жамылып, жүзін көлегейлеп отырған жас келін ортаға шақырылады. Ол босағадан аттағанда, отқа май құйып, ырым жасайды. Сол кезде Б. айта бастайды. Әуелі келінді жиналған жұртпен таныстырып, оларға келін сәлем береді. Сосын келінді жаңа түскен ортасымен, ата-енесінен бастап рет-ретімен таныстырып шығады. Б. соңы келінге бақытты ғұмыр тілеу-мен аяқталады. Б. мазмұны көбіне бір сарынды болып екі-үш желідентұрады: қайын-жұртпен таныстыру, үлкендерден көрімдік сұрау, келінге насихат айту. Мұндай кезде келін түсірген ауыл адамдарының аттары аталып, жөндері түгелденіп, тыңдаушыларды ерекше әсерге бөлейді. Кейде Б-ды ақындарға арнайы жаздырып алып айту үрдісі де бар. Белгілі қазақ ақындары Базар жырау, І.Жансүгіров, К.Әзірбаев, А.Тоқмағанбетов, т.б. жаңа өмір салтына лайық Б. өлеңдерін жазған. Б.,көбінесе, жеңіл күлкіге, қалжыңға құрылады. Тұрмыс-салт жырларының өзге түрлері секілді Б-да 7-8 буынды жыр өлшемі сақталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *