БЕСІК ЖЫРЫ -тұрмыс-салт жырларыныңкөне түрінің бірі. Әлемде Б. ж-н айтпайтын халық жоқ. Б. ж-нда халықтың төл тарихының,дәстүрлі мәдениетінің,ежелгінаным-сенімінің,дүниетанымының көрінісі бар. Өлеңі 7-8. кейде 11 буынды ән формасында құрылады. Б.ж-ның басты қызметі бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен,ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Б. ж. баланың сәби кезінде,яғни 1-5 жас аралығында,бала жанына жағымды әуенмен айтылады. Қазақ Б. ж-ның үлгілеріалғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Қазақ Б. ж-ларын мазмұны менпоэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі Б. ж-лары және суырып салма Б.ж-лары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі Б. ж-лары еларасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: «Әлди, әлди ақ бөпем, Ақбесікке жат, бөпем!» деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Ал суырыпсалма Б. ж-ларындаайтушы жанрлық түрді пайдалана отырып, кезеңдік жағдайларды, өзінің ішкі мұң-сырын өлеңге қосады. Б. ж. қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, елтұрмысынан мол мағлұмат беретін мағынасы кең жанр. Оның осы мүмкіншілігін кейінгі жазба әдебиет өкілдері мен сазгерлер де кеңінен пайдаланып келеді.