БЕРДІҚҰЛОВ Сейдахмет (9.5.19-33. Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарақыстақ а. 27.5.1994, Алматы) жазушы, журналист. ҚазҰУ-ды бітірген (1956). «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы (1955 -65). «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан», 1955 -70),»Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш» 1970 -86) газеттерінде бас редактор. «Жалын» (1986 -91),»Балауса» (1991 -94) баспаларының директоры болған. Қазақ спорт журналистикасын қалыптастыруға көп еңбек сіңірген. Шығармалары орыс, венгр, неміс, поляк, испан, финн,т.б. халықтардың тілдеріне аударылған. Шет ел жазушылары Ш.Айтматовтың. Э.Хемингуэйдің, Дж. Лондонның, А.Хейлидің, Н.Мейлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1997 жылдан спорт тақырыбына жазып жүрген үздік журналистерге С.Бердіқұлов атынд. жүлде беріліп,кіші футболдан журналистер мен баспагерлер командалары арасында жарыс өткізіліп тұрады.