БЕРДИЯРОВ Тоқаш (19.9.1925. Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд.Абайа. 29.7.1988. Алматы) ақын,жазушы. Алматы көркемсурет уч-щесінде оқыған. «Бес құбыр» ауылдық кеңесінде хатшы болып жұмыс істеген. Он жеті жасында соғысқа аттанып, 4-Украин майданында шайқасқа қатысқан. Соғыстан кейін түрлі әскери бөлімшелерде қызметте болған. 1958 -62 ж. «Лениншіл
жас»,»Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет еткен. 1962 жылдан шығарм. жұмыспен айналысқан.Өлеңдері баспасөзде 1950 жылдан жариялана бастаған. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Шалқар теңіз» 1952 ж. жарық көрген. «Бейбітшілік көшесі» (1960), «Мен өмір сүремін» (1965),»Тораңғы» (1965), «Оқ және гүл» (1967), «Дауылдан кейінгі тыныштық» (1970), «Көгілдір ымырт» (1972),’Бозторғай» (1973),»Күндер, күндер, күндерім» (1974),»Ескі паравоз» (1976), «Жаңа дала» (1979),»Сөнбейтін оттар» (1980),»Есіктің алды -көк терек» (1983), «Шынар» (1985),т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары,таңдамалылары жарық көрген.»Жастық кешуі»(1966), «Солдатсыры»( 1968), «Фарида» (1978) әңгімелер мен повестер жинақтары бар.