БЕКІМОВ Молданияз

БЕКІМОВ Молданияз (12.9.18-92. Бат. Қазақстан обл. Қаратөбе аймағы. Жақсыбай болысы. No2-4а. -ө.ж.6.,Ресей. Орынбор обл.) -Алаш қозғалысының қайраткері, этнограф, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы,аудармашы. Орал қ-лық уч-щесін (1902). Қазандағы жаяуәскер-юнкерлер
уч-щесін (1905) бітірген. 1905 -14 ж. Либава, Херсон полктерінде, Ташкент әскери окр. штабында қызмет атқарған. 1914 -15 ж. Ресей әскерлерінің құрамында штабс-капитан шенінде 1-ші дүниежүз. соғысқақатысып, жараланып қайтқан. 1915 -17 ж. Ташқорған горнизонының бастығы болған. 1917 ж. 5 -13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінде Алашорданың Ұлт Кеңесі құрамына мүшелікке кандидат болып сайланады. 1918 ж. Жетісу босқындарына жәрдемдесу к-тінде қызмет атқарған. Қытайда, Ресейде және Башқортостанда тұрған. Орыс ақыны А.С. Пушкиннің «Капитан қызы» повесін 1903 ж. қазақ тіліне аударып,Қазан қ-нда бастырып шығарған. Н.Қатановтың «Қырғыздың (қазақтың) халықгық эпосын зерттеуге қатысты материалдар» деген алғы сөзімен «Известия общества археологии,истории и этнографии при Императорском Казанском университете» атты басылымда (1904. т. 20) Б-тің ел аузы нан жинаған алты ертегісі.»Орал облысы қырғыздарының (қазақтарының) үйлену салты» деген мақаласы жарияланады. Сондай-ақ ол ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, «Средняя Азия» жинағында ертегілер мен аңыздар. «Киргизская степная газета» мен «Тургайская газетада» ертегілер,»Туркестанский курьер» газетінде мақал-мәтелдерін жариялаған. 1909 ж. «Қазақ тілін оқып үйренуге басшылық» кітабы жарық көрді. «Айқап» журналында (1912. No1) «Қазақ халқы жайынан» деген мақала жариялаған. Ресей акад. С.Венгеров 1915 жылдыңөзінде-ақ Б-ты қазақ халқы жайында жазып жүрген этнограф деп таныған. Оның еңбектерін Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин,Ә.Дербісәлин,Б.Аманшин, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер жоғары бағалаған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *