БЕКТЕМІРОВА Марфуға

БЕКТЕМІРОВА Марфуға (26.9. 1958ж.т., Көкшетау обл. Еңбекшілдерауд. Прогресс а.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген. Бұрынғы Көкшетау обл-ндағы Уәлиханов, Зеренді ауд. және обл. «Көкшетау правдасы» газеттерінде, Қостанай обл. радиосында тілші, Қостанай обл. әкімш-нде жауапты қызметкер, «Ана тілі» газетінің Көкшетау обл. бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай обл. филиалының директоры және балалар мен жасөспірімдерге арналған обл. «Жас ұлан» газетінің редакторы. Өлеңдері «Жыр тәңірі»,»Тың тынысы», «Көңіл әуендері», «Арман қанатында», «Қарлығаш» ұжымдық жинақтарына енген. Ақынның «Жанары жәудір дүние», «Айдыным менің», «Ғашық жүрек», «Еңлік гүл», «Озера души», т.б. жеке жыр жинақтары жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *