БЕКМҰХАМБЕТОВ Мұхамеджан Шолтырұлы

БЕКМҰХАМБЕТОВ Мұхамеджан Шолтырұлы, Мақаш правитель (1830. бұрынғы Бөкей ордасы -1904. сонда) -қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, этнограф, шешен, би,күйші,әкім. Жәңгір хан салдырған мектептен сауатын ашқан. Орынбор қ-ндағы Неплюев кадет мектебін бітірген (1851). Алғашында шекара комиссиясында,1852 жылдың ортасынан бастап Бөкей ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің Нарын құмындағы ордасында тілмаш. Каспийжағалауындағы 1-,2-округтердеәкім қызметін атқарған. 1881 ж. шілдеде Бөкей ордасынан патшаға барған 4 қазақтың бірі. 1892 -97 ж. Уақытша Кеңестің кеңесшісі болды. Б. жинап
қағазғатүсірген қазақ ауыз әдебиеті мұралары Санкт-Петербург қ-ндағы Салтыков-Шедрин кітапханасы мен Ресей ҒА Шығыстану ин-тының проф. И.Н. Березин қорында сақтаулы. Б-тың «Жақсы үгіт» (Қазан. 1908),»Книга о калмыках и киргизах, кочующих в Астраханской губернии» (Астрахан. 1910) атты кітаптары жарық көрген. «Мақаштың Байжұмасы»,»Көк жорға». т.б. күйлері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *