БЕГМАНОВ Қасымхан Сейітханұлы (20.9.1958 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Кентау қ.) -ақын. Қазақ политех. ин-тын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1980). 1980 -82 ж. Шымкент қ-ндағы троллейбус паркінде мастер,эксплуатация бөлімінің бастығы,техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер,1982 -87 ж. Шымкент обл. атқару к-тінде жауапты қызметкер,1987 -98 ж. Түркістан қ-лық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. Шымкент қ-лық атқарук-тінің аға референті. Обл. балалар қоры бөлімшесінің төрағасы. «Жалын» журналының жауапты хатшысы. Қазақстан Жазушылар одағы хатшысының орынбасары. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетшілердің ассоциациясының бас директоры. Алматы қаласындағы Бостандық ауд. » Қазақ тілі» қоғамының төрағасы. Қазақстан Үкіметі Премьер-министрінің кеңесінде бас маман,референт, аға референт.1998 -2000 ж. Қазақ мәдениет және өнертану ғыл.-зерт. ин-ты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2000 жылдан «ТұранӘлемБанктің» баспасөз қызметінің жетекшісі. Тұңғыш жыр жинағы «Бастау» 1980 ж. жарық көрген. Бірқатар өлеңдері «Тоғыз перне» (1987), «Жүрек толқындары» жинақтарына енген. «Қарашық» (1990),»Бесіктен бейітке дейін» (1997),»Сағыныш» (2000),т.б. кітаптардың авторы. Өлеңдері орыс, түрік,өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Қазақстан Жастар одағы сыйл. (1990). Халықар. «Алаш» әдеби сыйл. (2003) иегері.