БЕГАЛИН Сапарғали Ысқақұлы

БЕГАЛИН Сапарғали Ысқақұлы (24.11.1895. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Дегелеңа. -5.3.1983. Алматы) -жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1915 ж. Семей қ-ндағы орыс-қырғыз (қазақ)уч-щесін бітірген. 1929 -35 ж. Дегелең болыстық атқару к-тінің төрағасы. Қарқаралы уездік атқару к-тінің мүшесі,бөлім меңгерушісінің орынбасары, ауд. халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб т.ж. басқармасында жұмыс істеген. 1935 -56 ж. «Теміржолшы» газетінде тілші,Тіл және әдебиет ин-тында (казіргі Әдебиет және өнер ин-ты). Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. Алғашқы өлеңі «Қазақ бозбалаларына» 1914 ж,»Айқап» журналының No9 санында басылды. «Көксегеннің көргендері» (1948), «Халық ақындары» (1953),»Өмір жыры» (1953),»Ермектіңалмасы» (1955, 1985), «Сахара саңлақтары» (1976),»Сәтжан» (1947,1973,1978), «Жас бұтақ»(1953),»Жеткіншектер» (1960),»Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976),»2 томдық шығармалары» (1979),т.б. әңгіме, повестер жинақтары. «Замана белестері» (1975) романы жарықкөрген. Жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары ТМД халықтары және шет ел тілдеріне аударылған. «Халықтар достығы» (1975),»Құрмет белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатгалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *