БАҚҚАРАЕВ Кәдірхан Жұматайұлы (1.9.1935 ж. т„ Жамбыл обл. Талас ауд. Ақкөл а.) -журналист,жазушы. Қазақ мемл. ун-тін (казіргі ҚазҰУ) (1962). Алматы жоғары партия мектебін (1966) бітірген. 1956 -60 ж. Жамбыл обл. Талас ауд. Пионерлер үйінің директоры.
ауд. сот хатшысы, ауд. білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі. 1960 жылдан баспасөзде, қаламгерлік жұмыспен айналысады. Жамбыл обл. Та-лас, Сарысу ауданаралық «Ленин жолы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1960 -64),Жамбыл обл. «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газеті редакциясында бөлім меңгерушісі (1966 -70),Шуауд. «Шу өңірі -Чуйская долина» газетінің редакторы (1970 -74),»Еңбек туы» газетінің бөлім меңгерушісі, меншікті тілшісі (1974 -91),Халықар. «Қазақ тілі» қоғамы Жамбыл обл. филиалының жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары және қоғамның «Әулиеата» газетінің редакторы (1992 -94),Жамбыл обл. қоғамдық-экол. «Табиғат аясы» газетінің редакторы (1994 -96). 1996 жылдан Халықар. «Қазақтілі» қоғамы Жамбыл обл. филиалының төрағасы,Әзіл-сықақ,сатиралық жанрдағы әңгімелері респ. және обл. баспасөзде жарияланған. 3 көркем шығарма жинақтарының авторы.