»БАҚЫРҒАНИ КІТАБЫ» -түркі тілдес халықтардың 12 ғ-дан сақталған құнды әдеби ескерткіштерінің бірі. Авторы -Сүлеймен Бақыргани, Ақын мұрасы тек 19 ғ-да ғана толық жинақталып, Қазан жәнеСтамбұл қалаларындағы баспалардан «Бақырғани кітабы» деген атпенбірнешерет(1846, 1877, 1882,1898 ж.) басылып шықты. «Б. к.» -бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі -көңіл күй жырлары,екіншісі -сопылық ілімді насихаттауға арналған дидакт.,филос. хикмет өлеңдері,үшіншісі — Алланы ма-дақтауға арналған жырлары («Меғ-рожнаме»). төртіншісі -«Ақыр заман көріністері» дастаны,бесіншісі -«Бибі Мариям» толғауы. Кітаптың басты мақсаты оқырманын ізгілікке,имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты,абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал. бұл биік мақсатқа жетуі үшінадам алдымен төртасудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы),тариқат (сопылық ілімнің идеясы,мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау). Бұл рухани асулардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Сондай-ақ, осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып-біліп,жақсы игерген адам ғана Алланың (ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады.» Б. к.» оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, Аллаға құлшылық етуге шақырады.