БАҚТИЯРДЫҢ ҚЫРЫҚ БҰТАҒЫ

»БАҚТИЯРДЫҢ ҚЫРЫҚ БҰТАҒЫ», «Бақтиярнаме» -парсы тілінде жазылып, шығыс елдеріне кең тараған дастандар топтамасы,көне әдеби ескерткіш. Ең ескі нұсқасы 1296 жылғы қолжазба болып есептеледі. Қазақ тіліндегі дастандар парсы халқының осы «Бахтиярнаме» атты әңгімелер жинағының негізінде туған, бірақ парсыларда бұл қара сөз негізінде баяндалса, қазақтарда жырға айналған. Бірқатар зерттеушілер «Б. қ. б-н» Шығ. Түркістан өңірі
қазақгарының дастаны ретінде қарастырады. Алайда «Б. қ. б.» қырық қиссамен шектелмейді. Қазақ ұғымында жеті, тоғыз, қырық сандары киелі, көптікті білдіреді. «Б. қ. б.» -Қытайдағы Шыңжаң өлкесіне тараған екі жүзден астам қисса-дастандар топтамасы. Сол топтамадағы «Шәкір-Шәкірат»,»Қасым жомарт» дастандарын Жүсіпбек Шайхысыламұлы, » Шеризат», «Нұғыман-Нағым», «Ағаш ат» дастандарын Әсет Найманбайұлы жазған. «Б. қ. б-нда» елді мекен,кісі аттары, көбінесе,арабша, парсыша болғанымен,оқиға қазақы дәстүрде айтылады. Қазақ ақындарының араб-парсы әдебиетінен келген сюжетті өндеп, жырлауы нәтижесінде, «Б. қ б.» қазақтың бай ауызәдебиетімен ұштасьш, төл туындыдай сіңісіп кеткен.-назиралықүлгіде жырланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *