БАҚСЫ САРЫНЫ

БАҚСЫ САРЫНЫ -әдет-ғұрыптық әндердің бір түрі. Б. с-н орындаушы әрі ақын, әрі биші,әрі сазгер. Ол аруақтармен өлең-жыр арқылы тілдесіп, іс-әрекетін би қимылдары арқылы жүзеге асырған. Б. с. халық поэзиясына тән 7-8буындық жыр немесе 11 буындық қара өлең өлшемінде құрылып,арнайы муз. сарынмен орындалған. Бақсылар асатаяқ, т.б. ұрмалы аспаптарды -құлағына қоңырау,шанағына айна орнатқан қобызды пайдаланған. Б. с-ның фольклорлық-этногр,үлгілерін әдебиетші ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, С.Қасқабасов, т.б. зерттеп, өнер саласында А.3атаевич, Б.Ерзакович,Б.Қарақұлов. Т.Бекхожиналар бірқатар үлгілерін жазып алып, нотаға түсірген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *