БАҚСЫ («шағатай» тілінде бақшы ) -тәуіптік,балгерлік,сәуегейлік,көріпкелдік, сиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері бар адам. Әйел Б-ны халық «елті» деп атаған. Б-ларға тән айрықша қасиеттердің бірі -емшілік (тәуіпшілік). Шығу тарихы отқа табыну және шамандықпен тығыз байланысты психологиялық емдеу тәсілдерін әр елдің Б-лары сол халықтың өзіне тән ерекше әдістер арқылы қолданған. Мыс.. қазақ Б-лары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн,әуендер шығару (қ. Бақсы сарыны), түсініксіз жыр жырлау,»жынын шақырып» зікір салу немесе гипноздық, жонглерлік,т.б. «керемет» көрініс,әрекеттер жасау арқылы жүйке жүйелеріне әсер ете емдейді. Әрине, бұл іс әркімніңқолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен табиғи дарын,қасиет керек. Б-лар емшілікпен қатар балгерлікпен де шұғылданған. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп,оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына,табиғи құбылыстар тудыра алатынына,жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да,кейін де сенді. 5 ғ-дағы ғұн патшасы Еділдің айналасында көптеген даңқты Б-лар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бүрын болжап,патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын Б-лар құмалақашып,бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген. Түркі халықтары Б-лары бас киімді,көбінесе,Америка құрлығындағы үндістердің көсемдері киетін «тымаққа» ұқсас етіп, құс қауырсындарынан қалап жасайды. «Жындармен» күрескен кезде Б-лардың киімдері сауыт ретінде түрлі тылсымдық рөл атқарады. Қазақ халқы түсінігінде ең атақты Б. -бағаналы Қойлыбай болған. Ол -барлығыныңпірі,қорғаушысы. Онан соң бағаналы Балақай Б.,Жанақ Б.. Көкшетау даласында Шөмен Б.,т.б. болған. Қазақ даласына мұсылман діні ене бастағаннан кейін ел өмірінде Б-лардың алатын орны мен рөлі төмендеді. Б-лықтуралы кейбір мәліметтер П.С. Паллас, П.Рычковтың жазбаларында (18ғ.), бурят ғалымы Д.Банзаровтың (1823 -55),қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың, ағылшын философы Т.Карлейльдің (1795 -1881) еңбектерінде кездеседі.