БАЯНБАЕВ Қастек (15.11.1936 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Талдыбүлақа.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1976). 1960 -70 ж. Алакөл
ауд. газетінде тілші, Алматы обл. «Жетісу» газетінде тілші, 1971 -79 ж. «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Арғымақ» 1962 ж. жарық көрді. Ондаған жыр жинақтарының авторы. Шығармалары орыс, украин, белорус, болгар, молдован, түрікмен, әзербайжан, литван тілдеріне аударылған. Бельгия ақыны Э.Верхарнның, авар ақыны Р.Ғамзатовтың, болгар ақыны ЛЛевчевтің, орыс ақындары С.Михалковтың, Р. Рождественскийдің, З.Александрованың, молдован ақыны Г.Виерудің, якут ақыны С.Даниловтың, түркімен ақыны К.Тәңірқұлиевтің т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Екі томдық «Орыс поэзиясының антологиясын» аударуға қатысқан. Қазақстан Құрмет грамотасымен марапатталған.