БАЯЛИЕВ Кәрім (1.3.1927. Жамбыл обл. Жуалы ауд. Берікқара а. -14.6.2004) -жазушы. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1982). ҚазҰУ-ды бітірген (1947). 1947 -49 ж. Жамбыл обл. әділетбасқармасы бастығының орынбасары. 1950 -55 ж. Жамбыл зоотехникумында мұғалім. 1955 -59 ж. Жамбыл обл. «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде әдеби қызметкер,Қазақстан Жазушылар одағының обл. бөлімшесінің кеңесші қызметтерін атқарған. 1959 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Қазақ радиосының Жамбыл обл-дағы меншікті тілшісі болды. Алғашқы әңгімелер жинағы «Жол үстінде» 1959 ж. жарық көрді. «Оралу», «Атаң келеді артында»,»Қос дегелек» спектакльдері Жамбыл обл. қазақ драма театрында, Шымкент обл. қазақ драма театрында және Қырғызстанның Ош театрында қойылған. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1977).