БАТЫРБЕКОВА Бәтама (5Л2.І-928. Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд. -25.3.1987. Алматы) -ақын. Түркістан пед. уч-щесін (1945),Шымкенттегі екі жылдық мұғалімдер ин-тын (1947). ҚазҰПУ-ды (1956) бітірген. 1941 -44ж., 1947 -62 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда орта мектеп мұғалімі,оқу ісінің меңгерушісі, директоры,ауд. партия к-тінің бөлім меңгерушісі, ауд. оқубөлімінің меңгерушісі,1962 -68 ж. Алматыда орта мектепте мұғалім,мектеп-интернатта тәрбиеші,1968-83 ж. Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында ғыл. редактор қызметтерін атқарған. Тұңғыш жыр жинағы «Сал-сал білек» 1966 ж. жарық көрген. «Ашылды гүлдер» (1969),»Жарқыра күнім» (1973),»Қосалқа» (1976),»Әрқашан күн сөнбесін» (1977), «Іңкәрім менің» (1979),»Күміс алқа» (1980),»Мизам-шуақ» (1983),»Аққу арман» (1986),т.б. жыр жинақтарының авторы. Ақынның балаларға арналған жырлары «Подарок малышам» (1969) деген атпен орыс тіліне аударылып басылған.