Бас емес – басым –

.Бас емес – басым –
Қорғасын.
Көтеру қиын, қарағым.
Өңезге иілмей өр басым
Өмірден өтіп барамын…
* * *
Ізгіге иіп ем –
Күлді ел.
Жырдан тәж киіп ем –
Күлді ел.
Сұмдықтан күйіп ем – күлді ел.
Сұлуды сүйіп ем – күлді ел.
Тар кезең демімді құрытып,
Алқына беріп ем –
Күлді ел.
Қарақан басымды ұмытып,
Халқыма келіп ем –
Күлді ел.
Түс қашқан һәм шала ес – бүгін,
Мен тоқтар бекет пе бұл ара?
Сан көргем тобырдың кескінін.
Ал, Халық, қайда осы, Нұр Аға?!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *