Бастық боп Өтен бізге әрең келді.

Бастық боп Өтен бізге әрең келді.
Жылмиып сұлуларға сәлем берді.
– Қазақта секс жоқ! деп айғай салды ол –
Экраннан тыр жалаңаш әйелдерді –
Көрсету – көргенсіздік тыр жалаңаш!
Е, болса – болар, оны қайдан білем,
Төрінен босағаға жайған кілем,
Кеңсесін жуайын деп кіріп барсам,
Қазақта секс барын қайдан білем,
Диванда екеу жатыр тыр жалаңаш!
Баяғы қызғалдақ қыз кезімнен бір
Бойымда от алмаған сезімдер жүр.
Кеп қапты Өтенді іздеп әйелі де,
Басқа ел де бастықты іздеп безілдеп жүр,
Екеуі жатқан шығар тыр жалаңаш!
Өтеннің әйелінің реңінен,
Өрт көрдім – тұтанған өрт жүрегінен.
– Қазақта секс жоқ деп кім айтты?! – деп,
Есікті айқара ашып жіберіп ем, –
Екеуі тұра қашты тыр жалаңаш!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *