БАРМАҚ АҚЫН. Бармақ Мықанбайұлы (1866. Жамбыл обл. Шуауд. -1942) -ақын, Жамбылдың шәкірттерінің бірі. Б. а. өлеңді, көбінесе, қобызға, домбыраға қосып айтатын болған. Жамбыл мұражайындағы сақтаулы фотосуреттеБ. а. қолындағы қобызымен бейнеленген. Б. а. 1913 ж. Романовтар әулетінің Ресей империясы тағына отырғанына 300 жыл толуынаарналған Алматыдағы көрмеге, сондай-ақ 1919 жылғы Респ. халық өнерпаздары жиынына қатысқан. 1937 ж. жазықсыз жаламен ұсталып, 1942 ж. айдауда қайтыс болған. «Өмір соқпақтары», «Төрт түлік мал», «Кәрілік туралы», «Дәулетияр мырзаға», «Қасым датқаға», т.б. өлеңдері мен
термелері, Жанат қызбен, Кенжеқожамен айтыстары сақталған. Шығармалары «Қыл қобызды Бармақ» деген атпен жеке кітап болып жарықкөрген (1993).