БАПАН Тұраналыұлы (1755, Ақмола обл. Ерейментау өңірі -1849. сонда) -би,шешен,ақын. Қанжығалы Бөгенбай батырдың немересі. Замандастарының айтуынша, Б. би «өзгеше жаралған адам» аталып, парасаттылығымен жұртты аузына қаратқан. Елдіктің, ұлт бірлігінің жаршысы бола жүріп,ел арасындағы дау-дамайды дұрыс шеше білген. Бір жолы Ташкент бегінің қолына түсіп қалған қандастарын тілініңөткірлігімен тұтқыннан азат етеді. Б. бидің нақыл өлеңдері, толғау-жырлары, билік сөздері халық жадында сақталған.