Балқан таудан балбыраған тәтті үн кеп

Балқан таудан балбыраған тәтті үн кеп
Рух болып күңіренеді Тәттімбет.
Керемет бір ой үстінде тұрамын,
Кеңістікке «Адай» болып аққым кеп!
Беймаза боп тұрғанымда сабылып,
Құлақ күйден қалғандаймын жаңылып.
Көз ұшынан көрем Абай атамды,
Бара жатқан қара түнді жамылып…
Жаз да бітіп, мамыржай бір жеткен күз.
Асфальт жолға сала алмайсың тепсең де із.
Дүниеден Ақан сері қайтты да,
Серуенге шықпай қойды сексен қыз!
Ойым – быт-шыт… Таң қаламын өзіме:
Қалар болдым сыншылардың сөзіне!
Сарыарқаға келсем болды, сурет боп
Неше түрлі елестейді көзіме…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *