БАЛҒАБАЙ Сұлтанәлі Базарбайұлы

БАЛҒАБАЙ Сұлтанәлі Базарбайұлы (21.5.1946 ж.т., Қызылорда обл. Шиелі ауд. Мұстафа Шоқайа.)-драматург, жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1971). «Білім және еңбек»(қазіргі «Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс»(қазіргі»Парасат»)журналдарында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған. Ұзақ жылдар Қазақ академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды. Қазір Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алтын бесік» журналының бас редакторы. «Бастау», «Жұлдызың жансын» (1978),»Алтын сағым» (1979), «Құм мен қызғалдақ»,»Шөл» (1984),»Дала мен дария» (1988),»Красная гармонь» (1992), «Қазақтың қызыл кітабы» (1988),т.б. прозалық кітаптардың авторы. Шығармалары украин,өзбек, қарақалпақ,түрік, т.б. тілдерге аударылған. «Ғашықсыз ғасыр»,»Қыз жиырмаға толғанда»,» Қазақша күрес» (Мәдениет министрлігінің жабық бәйгесінің жүлдесін алған),»Жымбала, Мико және қасқыр»,»Ең әдемі келіншек»,»Тойдан қайтқан қазақтар», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» пьесалары респ. және обл. театрларда қойылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *