Балуан Шолақ

Балуан Шолақ (шын аты —Нұрмағамбет) Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1868ж. Ақмола обл. Еңбекшілдер ауд. –1919ж. Ақмола облысы,Тасты өзенібойы) -палуан,композитор, ақын. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болып өседі. Жас кезінде оң қолының саусақтары үсіген. Кейін күш-қажыры толысып,палуандығы танылған кезде Балуан Шолақ атанады. Ол өзі ұстаз тұтқан Біржан сал,Ақан сері әндерініңтамаша орындаушысы әрі насихатшысы болды,өзі де өлең шығарды. Арқаның әндерін Жетісуға жеткізді. Балуан Шолақтың»Ащылы-айрық», «Балуан Шолақ»,»Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан»,»Қос перне», «Құлан кісінес»,»Кенже қоңыр» сияқты әндері бар. Белгілі музыка зерттеушісі,фольклоршы А.В. Затаевич ел арасындағы әншілерден Балуан Шолақтыңбірнеше әндерін жазып алып,оларды»Казақхалқының 1000 әні» мен «Қазақтың 500 ән-күйі» жинақтарына енгізді. Алматыдағы Спорт сарайы Балуан Шолақ есімімен аталады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *