БАЙҒҰТОВ Мархабат (25.10.1945 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Пістеліа.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген(1973). 1968-74 ж. Түлкібас ауд. «Шамшырақ» газетінде тілші, обл. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі (1980 -84). 1984 -85 ж. Оңт. Қазақстан обл. партия к-тінің нұсқаушысы болды. 1986 -92 ж. Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшесінде жетекші. 1992 -93 ж. Оңт. Қазақстанобл. әкімш. аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1993 -97 ж. Оңт. Қазақстан обл. Тіл басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1998-2001 ж. обл. Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бастығының орынбасары, 2001 жылдан басқарма бастығы. «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Дауыстың түсі»,»Машаттағы махаббат», «Серт пен сенім», «Ақпандағы мысықтар», т.б. кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Орыс жазушылары В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, У.Ирвингтің, қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтыңшығармаларын қазақтіліне аударған. Екі дүркін респ. «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгесінің, үш рет «Қазақ әдебиеті» газетінің сыйл. иегері.. Халықар. «Алаш» әдеби сыйл. лауреаты (1996). ҚР «Құрмет» орденімен марапатталған.