БАЙҒАНИН Нұрпейіс (1860. казіргі Ақгөбе обл. Байғанинауд. -9.4.1945. Ақгөбе қ.) -халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1939). Әкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты,айтыстарға қатысқан. Ол ақындық өнерді алғаш анасынан үйренген. 16-17 жасынан-ақ»бала жыршы» атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі,батырлық жырларды үйренеді. «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер Тарғын»,»Алпамыс»,»КызЖібек»,»Айман-Шолпан» сияқты жыр дастандарды жырлаған. Соның ішінде
«Қобыланды батыр» жыры басқа ақын-жыршылар айтқан нұсқаларынан көлемдісі, оқиғасы жағынан мазмұндысы. Б-нің ертеректе жырлаған дастан, жыр нұсқалары кезінде жазылып алынбаған. » Ақкенже»,»Нарқыз», «Кектің дауысы»,»Қазақбаймен айтыс»,»Қазақстан», Гүлденген заман»,»Өңімдегі жұмбақ»,»Ғажайып көрмеде»,»Москва», «Ер Талалихин»,»Капитан Гастелло», «Азат Киев»,т.б. көптеген эпостық жырларын,сатиралық өлеңдері бар. 1938ж. Ж.Жабаевтың мерейтойына қатысып,»Ақын шабыты»,»Жамбылға»,»Көрімдік», «Ғасырдың қарт бұлбұлы» т.б. жырлар шығарды. Қазақстан жазушыларының 2-шісъезіне (1939) қатысты. Ақынның кейіннен «Өрістеген өмір» (1938),»Ақын» (1939). т.б. дастандары жарияланды. «Ер туралы жыр» (1942),»Жиырма бес» (1942) поэмалары Кеңес Одағының батырлары Н.Есболатов пен Т.Токтаровтың ерлігіне арналған. Ол батырлық туралы жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланған. Б-нің «Ақын шабыты»,»Ақынға», «Отарба», «Зор майданға шапшаң бар»,т.б. өлеңдері дәстүрлі терме мәнерінде жазылған. Ақын Қазақстанның біраз жерлерін аралап, Алматы, Мәскеу қ-ларында болып,ертеден келе жатқан жыраулық дәстүрді халқына қайтатарту етті. 1938 ж. бастап Б-ге әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М.Хакімжанова. Қ.Шаңғытбаев, Е.Ахметов, т.б. ақындар дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Ақтөбе обл-нда Байғанин ауд. бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы мектептер мен көшелерге ақын есімі берілген. Б. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.