БАЙТҰРСЫНҰЛЫ Ахмет (1.1. 1873. Қазіргі Қостанай обл. Жангелдин ауд. Сарытүбека. -8.12.19-38. Алматы) -мемлекет қайраткері,ақын,публицист, ғалым,ағартушы. Ата тегі: Аманжол -Шақшақ -Көмей -Қалқаман -Байсейіт -Үмбетей -Аралбай -Таңбай -Шошақ-Байтұрсын. Шошақтың Ақтас,Байтұрсын,Ерғазы атты ұлдары өнерлі әрі намысты қолдан бермейтін азаматтар болып өскен. Олар 18-85 ж. уезд бастығы полк. Яковлевтің елге жасаған зорлығына қарсылық білдіріп,жауапқа тартылған. Байтұрсын мен Ақтас 15 жылға Сібірге айдауға жіберілсе, Ерғазы 4 ай мерзімге абақтыға жабылған. Б-ның шешесінің есімі -Күңіш. Ахметті 19-91 ж. Торғайдағы 2 сыныптықорыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 ж.бітіріп,Орынбордағы 4 жылдықмектепке оқуғатүседі. 1895 -1909 жылдары Ақтөбе,Қостанай,Қарқаралы уездерінде қазақ-орыс мектептерінде оқытушы. Қарқаралы қалалық уч-щесінде меңгеруші қызметін атқарады. Б-ның саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа-тұс келеді. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде жазылып,14500 адам қол қойған Қарқаралы құзырхаты (арыз тілегі) авторларының бірі болды. Қарқаралы қүзырхаты жергілікті басқару, сот,халыққа білім беру істеріне Қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі,цензурасыз газет шығару жәнебаспахана ашуға рұқсат беру , күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқгату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Б. 1909 ж. 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Оған тағылған айыпта: халық арасына іріткі салып»өзін-өзі автономиялық басқару идеясын таратты»,»орыстар мен қазақтар арасында өшпенділік қоздыру ісімен айналысты» деп көрсетілген. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 ж. 19 ақпанда Б-н қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Б. Орынборға 1910 ж. 9 наурызда келіп,1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Ол осы қалада 1913 -18 ж. өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп. сондай-ақ. қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп,тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Б. 1917 ж. Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Б-н бекітті. 1919 ж. наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай обл. бөлімінің мүшесі болды. Ол 19-19ж, наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық
Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Б-тың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920 ж. В.И. Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, 1920 -21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922 -25 ж. Халық ағарту комиссариаты ғыл.-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Б. түрлі мемл. қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген ұстаздық жұмысынан қол үзбеген. 1921 -25 ж. Орынбордағы, 1926 -28 ж. Ташкенттегі Қазақ халық ағарту ин-ттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 19-28 ж. Алматыда ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнынапроф. қызметіне ауысты. 1929 ж. 2 маусымда 43 Алашқозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына дейін тергеуүшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. орыс жазушысы 1934 ж. М.Горькийдің жұбайы Е.П. Пешкованың көмегімен Б. отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. 1937 ж. 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8желтоқсандаатылды. Б. шығарм. жұмысын өлең жазудан бастаған. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» аудармажинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Б-тың екінші кітабы -«Маса» (1911). Кітаптың ішкі сазы мен ой-өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы толғамды ойларды өзінше жалғастырушы. «Қазақ салты», «Қазақ калпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ», т.б. өлеңдері бар. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Б. зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы «Қазақ» газетінің 1913 ж. үш санында шықты. Қазақтың «Ер Сайын» атты эпостық жырына алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 192-3 ж. Мәскеуде шығарды. Қазақауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. «Әдебиет танытқыш» (1926) кітабы қазақ тіліндегі тұңғыш іргеліғыл.-теориялық еңбек. Б. әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Б. тілші-ғалым ретінде казақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж. Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Б. қазақ балаларының сауат ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғыл. еңбектер ұсынды. Б. қазақ тіл білімін 20 ғ-дың бас кезінде қалыптастырып, оның іргетасын қалады. Ол араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Б. көркем аударма саласымен де айналысты. Ол орыс классиктерінің шығармаларын, И.А. Крылов мысалдарының бір тобын, И.И. Хемницердің «Ат пен есек», А.Пушкиннің «Балықшымен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Б-тың мол әдеби және ғыл. мұрасы ұзақ үзілістен соңұ1989 ж. халқымен қайта қауышты. 1988 ж-дан кейін Қазақстандағы көптеген көшелер, оқу орындары, Тіл білімі ин-ты, Қостанай ун-ті Б. есімімен аталды. 1998 ж. оның туғанына 12-5 ж. толуы кеңінен атап өтіліп, Алматы қ-нда респ. ғыл. конференция өткізілді, әдеби-мемориалдық мұражай үйі мен ескерткіші ашылды. Ұлт ұстазының туғанына 125 ж. толуы егемен елімізде кеңінен аталып өтті