БАЙТОҚ Алаша

БАЙТОҚ Алаша (т.-ө.ж.б.) -Бат. Қазақстан өңірінде 19 ғ-да өмір сүрген жырау. Бөкей ордасында,Жәңгір ханның жанында болған. Кіші жүздегі Байұлының алаша руынан шыққандықтан ел арасында «Алаша Байтоқ жырау» деп те аталған. Оның Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауы, т.б. өлеңдері «Мұрат ақынның Ғұмар Қазыоғлына айтқаны» (Қазан,1908),»Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» (Орынбор,1910) жинақтарында жарық көрген. «Қары азамат Сардарбек» деп басталатын толғауы ел арасына кең тараған. Толғауды маңғыстаулық ақын С.Жанғабылұлы айтуынан 1939 ж. Б.Жақыпбайұлы,1947 ж. И.Ұйықбаев жазып алған мәтіндері Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *