БАЙТАНАЕВ Амантай (10.3.1922 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ.) -жазушы. ҚазҰУ-ды (1949). КСРО Жазушылар одағының жғары әдеби курсын (1960) бітірген. 1945 -50 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетгерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1950 -70 ж. Қазақстан Мемл. Көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы») баспасында редактор. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жазушы» баспасында аға редактор,редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Алғашқы повесі «Болат» 1954 ж. жарық көрген. Орыс жазушылары А.М. Горькийдің «В.И. Ленин» очеркін, Н.В. Гогольдің «Күйме» повесін қазақтіліне аударған.