БАЙЗАҚҰЛЫ Мұсабек. Молда Мұса (1894. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан ауд. Шоқтас а. -1932. сонда) -ақын. Түркістандағы. Қарнақтағы медреселерде оқыған. «Октябрьдің 14жылдығына»,»Ащысай», «Табиғат тамашаларында», «Насихат», «Харакетке жаратқан адамзатты», «Тышқан мен түйе»,»Семірген есек» өлеңдері, «Қос сұңқар» термелері,»Опасыз жар»,»Сұлу әйел мен молда»,»Ұры мен жолбарыс» дастандары бар. Орыс ақыны И.Крылов мысалдарын («Адамменен аюдың достығы») қазақтіліне аударған. Б-ның ақындық даңқын мәшһүр еткен оның Манат қызбен айтысы. Екеуі әуелі хат арқылы,соңынан жүзбе-жүз кездесіп, ауызша айтысқан. Ақын Бұдабаймен де айтысқан («Айтыс», 1-т.,1965). Ақын шығарм-ғы туралы «Қазақ әдебиетінің тарихын да» (IIт, 2-кіт., 1964) мағлұмат беріледі.