БАЙЗАҚОВ Иса (3.10.1900. Павлодар обл. Ертіс ауд. Үлгілі а -3.9.1940. Алматы) -ақын. әнші, композитор. 1921 ж. Семейдегі жұмысшы ф-тінде. 1922 ж. Орынбордағы Қазақхалықағартуин-тында,1929 -32 ж. Қазақ пед. ин-тында оқыған. 1926 -29 ж. Қазақдрама театрының алғашқы актерлерінің бір болды. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше -тоқалында» басты рөлдерде ойнайды. 1932 -40 ж. Алматы, Қарағанды,Семей қалаларында радиода,филармонияда,Жазушылар одағында қызмет істеген. Оңт. Қазақстан обл-нда тұрып,ауыл-ауылды аралап үгітшілік қызмет атқарады. Өлеңдері 1924жылдан жариялана бастады. «Заулатшы-ай» (No26), «Қалқа» (1927), «Ісмет», «Назқоңыр» (No27), т.б. 40-тан астам халықәндерінің сөзін жаңа заманға, өмір салтына сәйкес жазады. Б-тың репертуарындағы халық әндерінің көпшілігі «Қыз Жібек», «Айман -Шолпан», «Ер Тарғын» операларына енді. «Құралай сұ.лу» (1925), «Қойшының ертегісі» (1926), «Неге Алатау шаттанды» (1929),»Ұлы құрылыс» (1933),»Алтай аясында» (1934),»Он бір күн,он бір түн» (1938),»Кавказ» (1940),»Қырмызы -Жанай» (1940,аяқталмаған),»Ақбөпе» (1941),т.б. поэмалары бар. Оның атақты «Желдірмелері» (бес желдірме) халықарасына кеңінен тарады. Б. шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды,орыстілінде де жарияланды (1967). Ақынның өмірі мен шығармаларын Е.Ысмайылов, М.Хасенов, Р.Бердібаев, т.б. зерттеген. Жазушы Н.Ановтың»Ән қанаты» романында(1956),осыаттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1939),медальдармен марапатталған.