БАЙДАЛЫ Бекшеұлы (1725. Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. -1820. Ақмола обл. Ерейментау өңірі) -би,шешен. Б. Абылай ханның жанындағы сегіз бидің бірі,хан кеңесінің мүшесі болған. Кейін Уәли хан ордасында қызмет еткен. Жастайынан ауыл арасына билік айтып,ел ісіне араласқан. Б. биден» Алыс не,жақын не?» деп сұрағанда: «Жақын -ажал,алыс -білімді мен білімсіздің арасы» деп жауап береді. «Ағайынға қадірім жоқ -бетімді көрді,әйеліме қадірім жоқ -етімді көрді»,»Панасы жоқтаудан без,пайдасы жоқбайдан без», «Ақсақалға жарасар аузындағытобасы,бәйбішеге жарасар піспегі мен сабасы» деген нақыл сөздер қалған. Қабірі Қарағанды обл. Осакаров ауд-нда.