БАЙБОЛОВ Қазанқап

БАЙБОЛОВ Қазанқап (1889, Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Ұзынбұлақ а. -1945. сонда) -ақын. 1934 ж. Қазақстан Жазушылар одағының тұңғыш съезіне қатысып,осы жылдан бастап баспасөзде өлеңдері жариялана бастады. «Төле бидің тарихы»,»Төртдәруіш», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Өкірік Найман туралы»,»Сайыпжамал сұлу»,»Шеризат -Күлшат» ғашықтық жырлары,»Бау-бақша»,»Дайын бол» толғаулары,»Сыпатай», т.б. шығармалары бар. Өлеңдері «Толғау өлеңдері» (1939),»Халық қаһары» (1949),»Халық ақындары» (1965), «Пернедегі термелер» (1968) жинағына енген. Б-тың 1943 ж. Алматыда өткен респ. ақындар айтысында Нартай Бекежановпен жыр сайысына түскен. Осы айтыс «Айтыс» (1966. Зт.) кітабына енген. Ақынның өмірі мен шығарм. туралы «Ақын-жыраулар» жинағында (1979),»Қазақсовет энцикшпедиясында» (1975. 6-т..) жазылды. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен үш мәрте марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *