БАЗАР Есұлы (19 ғ.) -Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, ақын. Ақмола өңірінде дүниеге келіп,қазіргі Жамбыл обл. Мойынқұм ауд-нда қайтыс болған). Әліке батырмен бірге туған. Әкесі -Ес батыр,шешесі -Мамай батырдың қарындасы. Б. ақын айтты деген: «Тасыма, жігіт, тасыма! Күшігендей сақылдап, күлгенің не досыңа? Жақсылыққа қуанып,жамандыққа жасыма. Өле-өлгенше тұрмайды. Жақсылық пен жамандық,бір кісінің басында» деген өлең жолдары халық жадында сақталған. Зираты Қарағанды обл. Теңіз ауд. Сарыөзен а-ның батысындағы Тікенекті қорымында.