БАЗАР БАТЫР

«БАЗАР БАТЫР» -дастан. Ауыз әдебиетін жинаушы Бәдел Тұрсынбаев 1935 ж. Шығ. Қазақстан обл. Күршім ауд. Батбақбұлақ а-ның тұрғыны Жангөдей қарттан жазып алған. Дастан үш тарауға бөлінген: 1-тарауда Базар батырдың Шыңжаң аймағындағы Алтай өлкесін қытай,қалмақ басқыншыларынан қорғау жөніндегі күресі, 2-тарауда оның басқаруындағы Алтай қазақтарының Данияр хан озбырлығына қарсы күресі. 3-тарауда Базар батырдың Ресей отарлау саясатына қарсы күресі суреттеледі. Шығарманың негізгі идеясы -қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалысы Базар батыр бейнесі арқылы айшықталады. Дастанның Жангөдей жырлағантолықнұсқасы Орт.ғыл. кітапхана қорында,басқа екі нұсқасы Әдебиет және өнерин-тының Қолжазбалар және мәтінтану орталығында сақтаулы. Елаузында сақталған дастанның сюжеті желісінде Б. Тұрсынбаев дастан жазып,жеке кітап болып басылды(1944).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *