АҚЫН

Тарт тіліңді!
Қарасы – мың,
Құл мен құтан, қара шыбын!
Жем іздеген жердің құрты!
Ал, мен көктің баласымын!
Епті қулық, айлаға да –
Сен – жерде, мен – айдалада.
Іздегенің – пайда ғана.
Аулақ!
Мені аймалама!
Аспан асты – азан-қазан,
Тұра қашып, ала қашып…
Муза – маған, қазан – саған,
Талас итше, тамақ асып…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *