Аямай сілтеп құрығын

Аямай сілтеп құрығын,
Өтіпті-ау өмір, құлыным.
Көз жауын алып ұрының,
Түсетін жерге бұрымың.
Бар жігіт саған бас ұрды,
Сол көптің қалай бірі ем мен?
Таңсық боп талай –
Шашыңды
Тарқатып жерге жібергем…
Ұмытам қайтіп мен енді
Көрсем де сұлу не түрлі –
Қара шаш жапқан денеңді –
Қап-қара нөсер секілді!
…Кездестік, міне, кешігіп,
Қарамайсың ба қайырылып?
Қос бұрым қалған кесіліп,
Қос жолдар – қаққа айырылып!
Қимасым едің, –
Қош!
Бүгін –
Қоштасар күнім жетіпті.
Арқаңнан түсіп қос бұрым –
Қос жылан болып кетіпті…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *