Ашыңдар есік өзіме

Ашыңдар есік өзіме,
тірілерге рухым: «Ұш!» – дейді.
Көрінбен тірі көзіне,
әруақ – көзге түспейді…
Хиросима Өртінде
өлгем мен. Сонсоң – көмген мұз.
Жетіде ем. Әлі – жетіде…
Өспейді өстіп өлген қыз!
Тажал өрт таза кенелді:
шашымды жалмап жеген-ді.
Күл болып кеткен денемді
жел келіп ала жөнелді.
Жатырмын талып тамұқта
Керексіз – күріш, нан да, тұз!
Қант та жемес алып та
жапырақ құсап жанған қыз!
Айтшы осы өлеңдерімді,
адамзат, шалқып шабытың.
Өртетпе өрендеріңді
Өзі алып жесін – қантын…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *