Аспандап ұшқан алты қаз!

Аспандап ұшқан алты қаз!
Ала жазда ата жұртқа қайта орал.
Аймағым – байтақ, халқым – аз,
Алашыма сәлемімді айта бар.
Қырандары қанатынан қайрылып,
Көрген күні шер болды ма, сор – зіл?
Төлегеннен айрылып,
Бекежанмен ел болды ма – соны біл.
Айдын көлдей аспанымның тұнығы,
Соған шығып қаңқылда да өлең айт.
Жүгірген аң, ұшқан құсы түгілі,
Абалаған итіне де сәлем айт.
«Қаптай шаппай, қайт кейін,
Жау келген жоқ іргеңе:
Ит-құсқа үрші, үргіш болсаң қайтейін,
Жақсы менен жайсаңыма үрме!» – де.
Қызық көріп қашқаны мен шапқанын
Жұрт шабынды… тірі жан жоқ қасымда.
Кім біледі кімді талап жатқанын,
Иттің миы – басында.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *