1. Ақсақалдар кеңесi, билер кеңесi, билер соты сияқты алқалы жиындарда көпшiлiктiң, яғни белгiлi бiр жиынның күн тәртiбiне тiкелей қатысы бар адамдардың қатысуымен болатын кеңестiң өзiндiк ұйымдасу тәртiбi; жиындардың белгiлi бiр өзектi мәселелердi талқылау немесе пысықтау сияқты кезiнде кеңейтiлген түрi. 2. Қазақ ауылының қоныстану жүйесiндегi ертедегi дөңгелене қоршау құра орналасу тәртiбi [көшiп жүрген ру немесе ауыл бiр жерге аялдағанда тосын жау шабуылынан сақтану үшiн, көшпелi үйлердi шеңбер түрiнде орналастырып, оларды айналдыра немесе арасына арба мен күймелер қойып, шеңбердiң ортасына рубасының шатыры немесе киiз үйiн орналастырған]. //Үлкен, келелi, кеңестi (жиын туралы)