Аквариумдағы балықтар-ай, балықтар!

Аквариумдағы балықтар-ай, балықтар!
Ұқсас екен біздей сері халыққа.
Мәз болады жіберсең бір жемді сап,
Біздей – сері.
Біздей – ойсыз,
Сенгіш-ақ:
Еркіндікке естен танып мәз боп жүр,
Егемен ел болдым дейтін мен құсап…
Аквариумдағы балықтар-ай, балықтар,
Қалайша ұқсас біздей сері халыққа.
* * *
Тәте, биыл үйге осы шөп түсті ме?
Аз түсті ме тағы да…
Көп түсті ме…
Аппақ қарға оранып төңірек бұл,
Неге ұлып тұр ит-құсы, көні кепкір?!
Ала сиыр тағы да түсіме еніп,
Маған қарап қалай бұл мөңіреп тұр?
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *