Ән… арқада құс болып ұшып жүріп

Ән… арқада құс болып ұшып жүріп,
Құс болса да құдірет, күшін біліп.
Қонбай қойған… Өзінің қол жетпейтін
Құдай үні екенін түсіндіріп.
Ақының да таң қалған, пақырың да,
Қонбай ұшқан құс шалғай шақырымға –
Ақтоғайдың үстінен өте беріп
Абдырапты адамдай ақырында…
Сиқыр үнді ести сап мекенінен
Алдан шыққан қырық қыз нөкерімен –
Қызыларайдың шыңына көзі түсіп
Әнші құстың қызуы көтерілген.
Шыңда – қыран, қырында – сағым ұшып,
Тоқайласты ән мен ел сағынысып.
Шағаладай жарқырап Шатырша тұр
Күн нұрына маңдайы шағылысып.
Іштен тынып ұлыстың ұландары,
Орнағандай бейіш кеп құрандағы…
Бегазының беліне шыға беріп
Тоқтай қалды Қусақтың құландары.
Паң даланың саңқылдап қырандары,
Ақжарықта аққулар сылаңдады.
Жерге түсті ысылдап есі шығып,
Жыландының ордалы жыландары…
…Дарынсызды бір сәтке кәріп қылып,
Әрі өзіне ғашық қып, әрі ықтырып, –
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *