ӘЗӘЗІЛ

Неше түрлі зымиян ой – ішінде,
Неменеге қышиды осы тісім деп –
Жер бетінде келе жатты Әзәзіл,
Көздерімен күллі әлемді ішіп-жеп.
Салды сонсоң сойқан сұмың ылаңды,
«Шегіртке», – деп жариялап жылайды.
Ақымақты «Данышпан!» – деп азғырды,
Қорқақты да «Арыстан!» – деп мәз қылды!
Жамандыққа қосып беріп жақсылық,
 
Адалдықты – аңқауларға тапсырып,
Қулықты да қосақтады Ақылмен…
Ақырында тіл табысты Ақынмен.
– Кел, ішелік!
Серімсің ғой сен менің,
Қарамайтын түріне де теңгенің!
Азат адам өзің ғана фәниде,
Бәрі де құл – сенен басқа пенденің!
Кел!
Барлар мен кафелерге барайық,
Адамзатқа аспаннан бір қарайық!
Ақын кетті бетке ұстап сол моланы…
Қайыршы Һәм құдай десе болады!
Қасиетсіз Әзәзіл-ай!
Қара бет!
Күледі енді: – Маскүнемді қара! – деп.
Мініп алған әбден қаһар күшіне,
Қара мына Әзәзілдің ісіне:
Ұйықтап жатқан Дарынсыздың
Бір күні Муза болып кіріп барды түсіне!
Не деді оған? (Бал ашпай-ақ қоялық).
Омырауы көз жасына боянып:
– Адамзат! – деп айқай салды сол пенде
Ертеңіне ақын болып оянып!
Қасиетсіз Әзәзіл-ай!
Қара бет!
Айқайлап жүр: – Данышпанды қара! – деп.
Неше түрлі зымиян ой – ішінде,
Неменеге қышиды осы тісім деп –
Жер бетінде келе жатты Әзәзіл,
Көздерімен күллі әлемді ішіп-жеп.
Салды сонсоң сойқан сұмың ылаңды,
«Шегіртке», – деп жариялап жылайды.
Ақымақты «Данышпан!» – деп азғырды,
Қорқақты да «Арыстан!» – деп мәз қылды!
Жамандыққа қосып беріп жақсылық,
 
 
61
Адалдықты – аңқауларға тапсырып,
Қулықты да қосақтады Ақылмен…
Ақырында тіл табысты Ақынмен.
– Кел, ішелік!
Серімсің ғой сен менің,
Қарамайтын түріне де теңгенің!
Азат адам өзің ғана фәниде,
Бәрі де құл – сенен басқа пенденің!
Кел!
Барлар мен кафелерге барайық,
Адамзатқа аспаннан бір қарайық!
Ақын кетті бетке ұстап сол моланы…
Қайыршы Һәм құдай десе болады!
Қасиетсіз Әзәзіл-ай!
Қара бет!
Күледі енді: – Маскүнемді қара! – деп.
Мініп алған әбден қаһар күшіне,
Қара мына Әзәзілдің ісіне:
Ұйықтап жатқан Дарынсыздың
Бір күні Муза болып кіріп барды түсіне!
Не деді оған? (Бал ашпай-ақ қоялық).
Омырауы көз жасына боянып:
– Адамзат! – деп айқай салды сол пенде
Ертеңіне ақын болып оянып!
Қасиетсіз Әзәзіл-ай!
Қара бет!
Айқайлап жүр: – Данышпанды қара! – деп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *